Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №92 қаулысымен құрылған «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғашқы гидротехникалық жұмыстарын бастады. Аталған мекеме Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылының “Құрымбек” каналына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Басқарма басшысы С. Сермағамбетов Сырдария ауданына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Қыркүйек айында басталған аталмыш жоба бойынша каналдың 1,5 шақырымы тазаланып, 1 – дана су тоспасына жөндеу жұмысы қарастырылған. С. Сермағабетов мекеме басшысына қазан айында аяқталатын құрылыс жұмыстарының сапалы әрі нәтижелі болуын тапсырды.

Аталмыш жұмыстар толықтай аяқталғанда ауылдың аяқ су мәселесі мен тұрғындардың тұрмыс тіршілігі біршама жақсаратын болады.

БӨЛІСУ