Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірімді ұстады.
Бұзақы жастар бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. ЖБО инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.
12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады.