Бүгін Ақжарма ауылындағы партияластардың ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының 50-ден астам мүшелері белсене қатысып, ауыл орталығындағы Болат Нұрсейітов атындағы орталық алаңға ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында төмендегіндей жұмыстар жасалды:
– Орындықтарды, урналарды, шарбақтарды сырлау;
– Бейберекет өскен арам шөптерді шабу;
– Қоқыстарды жинау;
Бұл іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Акция басталғалы бері әр бейсенбіде осындай тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.