Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 19 қыркүйек күні №107, №№106,№199 орта мектебінде құқық бұзушылық және қылмыс, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет” тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен ақпараттық танымдық, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шараға Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Утеев Ғафур Мұратұлы, Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Айтбаева Нұргүл Нұрлыбекқызы, Жаңажол ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Қойшыбаева Гүлназира Әмірханқызы, Төребай би ауылдық округ әкімі Жалғасбаев Владимир Жақсылықұлы, Иіркөл ауылдық округ әкімі Жағыппар Төлегенов, учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Айтмамбетов Болат Қаратайұлы Макешов Сағындық Мауленбекұлы, ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты.

Шара барысында қонақтар өз салалары бойынша қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырған тақырып төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз ойларын ортаға салып, ақпараттар берді. Мағыналы да, мазмұнды шара соңы сұрақ-жауапқа ұласып, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар алып, ойларымен бөлісті.

БӨЛІСУ