Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Кәрімұлы Ожаровтың бастамасымен және жергілікті құзырлы органдарымен бірлескен түрде бекітілген жобасы негізінде 12.09.2024ж. Қазалы аудандық прокуратурасының үйлестіруімен профилактикалық бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесін талқылауға байланысты кезекті ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Жолтаев, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2024 жылы аудан көлемінде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық профилактикасы, олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, жасөспірімдер арасында топтық төбелестер бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі және алдағы уақытта бекітілген Жоба аясында атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Аудан прокуроры Дарын Елтайұлы бекітілген Жобаның басты мақсаты: 2024-2025ж. ауданымызда қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу және төмендету, олардың орын алуының себептері мен негіздерін анықтап, құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыруды деп түсіндірді.

Мәжілісте баяндама жасаған аудан прокурорының орынбасары Ғ.Сағатов және есеп берген полиция бөлімінің бастығы А.Аңсатов пен білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешовтың бұл бағытта атқарылған жұмыстар мен қатар туындаған мәселелерге өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысымен қаралған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және полиция органдарына профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырып, нақты іс-шаралар атқару тапсырылды.

БӨЛІСУ