Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған табанында (АТҚТ) 2021 – 2025 жылдар аралығында жалпы аумағы 1,1 млн. га жерге орман мелиорациялық екпелер егу тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы 101 мың га жерге, 2022 жылы 250 мың га жерге, 2023 жылы 193,2 мың га жерге жүргізілсе, ағымдағы жылдың көктем айында 65 мың га (50 мың- облыстық деңгейде, 15 мың га – комитет тарапынан) жерге жүргізілді. Қалған көлем агротехникалық талаптарға сәйкес күз айында орындалатын болады.

2024-2025 жылдары барлығы 556,2 мың га (200 мың га – облыстық деңгейде, қалған 356 мың га – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы жүзеге асырылуда) фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда. Онда 12 түрлі жергілікті жерге жерсіндірілген шаған, үйеңкі, сән ағаш (катальпа), қарағаш, жиде, терек, ақтерек, сырталы, вавилон талы, айлант, бүйірген, сексеуіл сынды көшеттер отырғызылған.
Айта кетерлік, қала және елді мекендердің жасыл белдеу көлемін ұлғайтумен қатар қала, елді мекен көшелерін көгалдандыруға қажетті ағаш – бұта көшеттерін басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан көгалдандыру шараларына беріліп келе жатыр.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 376,3 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы аясында Қазалы ауданында сексеуіл,саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы маңындағы Қызылорда-Жезқазған автожолы бойындағы орман қоры жерінің 3 мың гектарына жасыл аймақ құру бойынша сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ