ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған уәкілетті органдардың, БАҚ өкілдері мен басқа да лауазымды тұлғалар және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Қызылорда облысы Сот әкімшілігі мен әділет департаменттінің және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар, отырыс барысында Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында басшылық лауазымдарға тағайындалғандардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне талдау қорытындылары туралы есебі тыңдалды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында жұмысты жалғастыруды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және бірқатар басқа да ұсыныстар енгізді.

БӨЛІСУ