Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен 2024 жыл Сыр өңірінде «Руханият» жылы болып жарияланды. Жыл аясында барлық аудандарда «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды. Қазалы ауданында да аталмыш нысанның іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда нысанның іргетасын құю және 1 қабатының колонналарын құю жұмыстары аяқталды.
Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мұнда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіріліп, типтік үлгідегі жаңа нысан аудан халқының игілігіне пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда.