Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов және аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.
Алдымен Төменарық ауылдық округіндегі 15 төсектік аурухана мен емхананың құрылыс алаңына барды. Мердігер мекеме «Астана Сервис LTD» ЖШС жұмысты қазан айында аяқтайды деп жоспарлануда.
Одан соң Жаңақорған кенті, “Саяжай” мөлтек ауданында салынып жатқан 600 орындық, Жаңарық ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектеп», Ипподром мөлтек ауданындағы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, “Руханият” орталығы және Билібай елді мекеніндегі #255 негізгі орта мектепке жапсарлас құрылыс жұмыстарын барып көрді. Аталған барлық әлеуметтік құрылыс нысандары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Халық игілігіне бағытталған жауапты жұмысты мерзімінде, сапалы етіп аяқтау – мердігердің міндеті.
Аудан басшысы мекемелер мен жауапты тұлғаларға құрылыс сапасына мән беруді және құрылыс жұмыстарын мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.