Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында аудан әкімінің орынбасары, аудандық терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы С. Смағұлов «Мемлекеттік органдардың аудандық терроризмге қарсы комиссияны ақпараттық қамтамасыз ету сапасының жағдайы және осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру шаралары» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданының білім бөлімі басшысы Г. Абдазиева, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Н. Сайымов «Білім беру мекемелерінде діни мәселелер бойынша, оның ішінде шетелге оқуға ниеттеніп жүрген жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру және шетелдік оқу орындарында теологиялық білім алушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері» туралы баяндады.

Жиналыс қорытындысымен аудан басшысы сала басшыларына терроризмге қарсы күресті күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

БӨЛІСУ