Бүгін Педагогикалық колледжде құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен «ҚАТТЫ ТӘРТІП КӨРСЕ БАЛА КҮНІНДЕ…» тақырыбында кездесу өтті. Аталған жиынға Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Пазылов, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Нұржан Жакипов, Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Айдос Прежекенов және Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подколковнигі Ләззат Ахметова, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Сәбит Алдоңғаров арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сала мамандарымен өткен жиынға колледж директоры Жақсыгүл Тоғанова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлдана Исаева мен ұйымдастырушы педагог Айбибі Жәнібек қатысты.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде» тақырыбындағы кездесуде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, буллинг, кибербуллинг, лудомания және нашақорлық сынды мәселелерді болдырмау сынды бірқатар мәселелер қозғалды.
Ақпараттық жиын барысында Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Сансызбайұлы құқықбұзушылықтың алдын алу және скутер пайдаланбау, жанұядағы ата-ананың рөлі, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұлғалық тәрбиені қалыптастыру бойынша ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Нұржан Жұмабайұлы жасөспірімдер арасындағы буллинг, әлеуметтік желі қолдану барысында кибербуллингтен сақтану, аталған мәселелелерге жолыққан жағдайда құқық қорғау органдарымен байланысу және жеке бас құқықтарын қорғай алу жөнінде құқықтық тұрғыда мәлімет берді. Сонымен бірге колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы қаламызда кездескен топтық төбелес, бұзақылық және құқық бұзушылық фактілерін мысалға келтіре отырып, ер балаларға жақсы тәрбие алып, тәртіпті, білімді, кәсіби маман болу қажеттігін түсіндірді. Жиын аясында қозғалған тақырыптар төңірегінде арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, жасөспірімдердің жеке бас тәртібіне қатысты құқықтық заңнамалар таныстырылды. Шара соңында қатысқан білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сала мамандары жауап берді.