Облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуде (жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу) 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.

Мемлекет Басшысының «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда 10 жоба іске асырылады. Аталған жобалар аясында өңірдің барлық аудандары мен облыс орталығы Қызылорда қаласы толық қамтылады. Бүгінгі таңда инвесторлар анықталды.

Қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында 9 жоба
«Жасыл Даму» акционерлік қоғамының (42 млрд 647 млн.тг.) механизмі арқылы іске асырылады. Сырдария ауданындағы сұрыптау кешенімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигон құрылысы қараша айында аяқталады деп күтілуде.
Жобалар толық жүзеге асқан жағдайда 500 тұрақты жұмыс орны ашылып, қалдықтардың өңдеу үлесі 30,1 пайыздан 33,6 пайызға ұлғаяды. Нәтижесімен құрылысқа қажетті брусчатка, кәріз люктері, қағаз, пластик және шыны өнімдері шығарылады.
Қалдықтарды басқаруда облыс орталығы Қызылорда қаласына аса мән берілуде. Қалада 3 жоба жүзеге асыру жоспарлануда.

Бірінші жоба: «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің 9 млрд 535 млн. теңгені құрайтын қолданыстағы полигонды жаңғырту жобасы. Жоба аясында қалдықтарды ұсақтау және өртеу қондырғылары, 32 арнайы техникалар (мусоровоз, экскаватор, жүк тиегіш, жүк тасымалдаушы, өрт сөндіру, суару автокөліктері), 3 мың дана евроконтейнерлер алынып, медициналық және құрылыс қалдықтары кәдеге жаратылатын болады. Нәтижесінде полигонның қалдықтарды қабылдау қуаттылығы 60 мың тоннадан 300 мың тоннаға ұлғаяды.

Екінші жоба: «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің жобасы шыны ыдыстарын өндіруді іске асыру жоспарлануда. Қуаттылығы жылына 220 млн шыны ыдыстарды шығару жобасы. Зауытқа шикізат ретінде өнімнің 50 пайызына Республика бойынша жинақталған шыны қалдықтар қолданылатын болады.

Үшінші жоба: «Дезинфекция» ЖШС-і Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтардан пластикалық шелек, леген, цистерна шығаруды жоспарлауда (құны-350,0 млн.тг). Жобаның қуаттылығы жылына 1200 тонна.
Жер телімдері берілді, бизнес-жоспарлары әзірленді, жұмыс жобасы әзірленуде.

БӨЛІСУ