Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 109-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының тамақтану сапасына мониторинг жасайтын бракераждық комиссия, 112-тармағының негізінде комиссияның қызметіне мониторинг жасайтын облыстық, қалалық, аудандық ведомствоаралық сараптамалық топтар құрылған.
Басқарманың «Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарында асхана және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ құрамын бекіту туралы» 30.01.2024 ж. № 09-нқ бұйрығының негізінде ағымдағы жылдың 10-20 қыркүйек аралығында облыстық ведомствоаралық сараптамалық топ білім беру ұйымдарында құрылған бракераждық комиссияның жұмысына зерделеуге шықты.
Сараптамалық топтың құрамында білім, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Аманат» партиясы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Тоғанова Жақсвгүл Қоқанқызы, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы бар.
Сараптамалық топ Қызылорда қаласының мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарымен танысып, бракераждық комиссиялардың құжаттарын қарауда. Бұл зерделеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасып, аудан мектептері де қаралатын болады.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының мектеп асханасында балалардың улану жағдайына байланысты аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен ақпараттық-түсіндіру жүргізілуде.