Қазақстанда АЭС салу қаншалықты қажет?

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде атом электр станциясын салу мәселелері бойынша ғылыми талқылау өтті. Кездесуге университеттің профессор- зерттеуші, химия ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалова мен Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми білім беру орталығының жетекшісі,университеттің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Гүлмира Абызбекова және Экономика және құқық институтының ғалымдары қатысты.

Талқылаудың басты тақырыбы-Қазақстанда АЭС салу қажеттілігі, оның экономикалық, экологиялық және энергетикалық тиімділігі болды.

Экономика және құқық институтының ғалымдары Қазақстанда АЭС салу инвестициялық тартымдылықты арттыру, жұмыс орындарын құру және аймақтық экономиканың дамуына септігін тигізетіні жөнінде пікір білдірді. Кездесу барысында ғалымдар атом энергетикасын дамыту жолдары мен оның болашағы туралы өз ойларымен бөлісіп, АЭС құрылысының артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптады.

Ғғылыми кездесу атом энергетикасының Қазақстандағы болашағы туралы тың зерттеулер мен пікірталастарға жол ашып, АЭС құрылысы мәселесін жан-жақты талқылауға негіз болды.

БӨЛІСУ