Қоршаған ортаны қорғау – басты міндеттердің бірі. Осы күні орман-суды және оны мекендеушілерді түрлі табиғат апатынан қорғау, сақтау өзекті мәселеге айналып отыр. Осы ретте күріштік алқаптар мен су айдындарында қалған балық шабақтарын құтқару бойынша іс-шарасы басталды.

Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандарымен “Ермекбай” көлінің егелері бірлесіп, Сырдария ауданы, Н. Ілиясов ауылының күріштік алқаптарының қашыртқы каналдарынан 13320 дана сазан, 14925 дана дөңмаңдай және 10580 дана ақамур, барлығы-38825 дана балық шабақтары құтқарылып “Ермекбай” көліне жіберілді.

Аталмыш акция облыс әкімінің бірініші орынбасары Д. Жаналиновтың бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Шабақ құтқару жұмыстары кезең кезеңімен жалғасатын болады.

БӨЛІСУ