Сырдария аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Маратбек Еспенбетовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Кеңес отырысына «ZOOM» бейнебайланыс жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Әміржан Сәкен арнайы қосылды.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Аудандық мәслихаттың алдағы сессиясына ұсынылатын аудандық бюджет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов баяндама жасады. Мұнан кейін 2024 жылдың 8 айының қорытындысы негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Бағдат Есенов есеп берді. Сырдария ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы шешім жобасы да кеңестің күн тәртібінде қаралды. Бұл бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.Елеусінов баяндама жасады.

Хабарламашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын соңында Кеңес мүшелері алдағы уақытта ауданымызда өтетін «Алтын күз -–2024» спорттық іс-шарасында аудан спортшыларының жақсы орын алуына жылы лебіз-тілектерін жеткізіп, сәттілік тіледі.

БӨЛІСУ