«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде белгіленген «943-Елдің нысаналы (мақсатты) мектептерін дамыту» жобасына Сырдария ауданы бойынша 4 мектеп еніп отыр.

Ны­саналы мектептер PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.

«Нысаналы мектептер» жобасының мақсаты – жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.

Осыған орай ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Жетікөл ауылындағы N174 орта мектеп базасында аудандағы нысаналы мектептердің басшылары мен орынбасарларының қатысында оқу-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Жиын барысында мектептің жеке портреттері мен 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары талқыланып, алдағы оқу жылында атқарылатын шаралар бойынша түсіндірмелер жасалды.
12 тамыздан бастап аталмыш мектеп ұстаздары LMS платформасында базалық деңгейдегі онлайн курстарға қатысып, біліктілігін арттыруда.

Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскерлері “Әдістемелік қызметті трансформациялау” атты курс бағдарламасынан педагогикалық ұжымдар жұмысының тиімділігіне объективті баға беруді үйренуге, әртүрлі мә­селелер бойынша педагогтарға кеңес беру дағдыларын игеруге, қазіргі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және олармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, әдістемелік қызметті дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуге мүмкіндік беретін аспектілермен танысты.

Бұл курс аясында алған білім, біліктер педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктерін шыңдап, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін және қазіргі білім беру үдерісінің өзгермелі жағдайларына бейімделуін қалыптастыратын қажетті құралдармен қамтама­сыз етеді.

БӨЛІСУ