Сырдария аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының негізінде бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа депутаттар мен қатар тиісті бөлім, мекеме басшылары және ақпарат құралдарының өкілдері мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда жүзеге асырылған жобалар.
2. «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасы» аясында, Сырдария ауданында кәсіпкерлікті дамытуда 2023-2024 жылы атқарылған жұмыстары жайлы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын аудандық мәслихаттың төрағасы – Е.Әжікенов ашып, жүргізді.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында: аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы – А.Сәдуақасовтың және аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы – Қ.Нұрсейіттің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары – А.Елеусінов осы бағытта атқарылған жұмыстардың көрсеткіші жайлы есеп берді.
Негізгі баяндамашыларды тыңдағаннан кейін ұсыныс-пікірлерге кезек берілді. Аудандық мәслихат депутаттары Ә.Серікбаев, М.Бакуов, Г.Тлеубергенова, Д.Ибадуллаева, Е.Жақып, А.Ибрагимұлы тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстарын енгізіп, өзекті мәселелерді көтерді. Сұрақтар бойынша баяндамашылар мен бөлім басшылары тарапынан тиісті жауаптар беріліп, ұсыныстар ескерілетіндігін жеткізді.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ел игілігі үшін, халықтың тұрмысын жақсарту мақсатына кәсіпкерлік саласын дамытуға, бағдарламаны іске асыруға бағытталған бюджет қаражатының мақсатты, тиімді және тиісті азаматтардың қол жеткізілуіне аса мән беруін айтып, сала жұмысының заң аясында сапалы ұйымдастырылуы үлкен жауапкершілікті талап ететініне назар аударды.
Сонымен қатар кәсіпкерлік саласының жұмысы – халықтың жұмыссыздық деңгейін азайтуға, табысын арттыруға, тұрмысын жақсартуға, жалпы экономикамыздың қозғаушы күшіне айналып отырғанын айта келе, саланың өзекті мәселелерін бірге талқылап, тиімді ұсыныстарды жүзеге асыруға жұмыс жасауымыз керек, – деді Ержан Ертарғынұлы.
Отырыс соңында төраға сала басшыларына айтылған ұсыныс-пікірлердің назардан тыс қалмауын жеткізе отырып, жұмыстарына сәттілік тілеп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын қорытындылады.

БӨЛІСУ