Бүгін облыс әкімдігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп «Білім беру саласында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» атты мәжіліс ұйымдастырды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков және облыстық білім басқармасының, тексеру комиссиясының, ішкі мемлекеттік аудит, қазынашылық департаменттерінің, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен бас есепшілері қатысты.

Шахмардан Асқарұлы өз сөзінде аймақ бойынша білім саласына бағытталған қаржы мен облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып өтті.

Жиын қорытындысымен сала басшыларына сыбайластық әрекеттерге жол бермеу және оларды болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Жалпы облыс әкімінің төрағалығымен бөлінген қаржыны тиімді әрі мақсатты игеру мәселесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылуы тиіс шаралар туралы жиналыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінгі күні аймақта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бекітілген «Білім беру саласындағы бюджет қаражатының жоспарлау және игеру процесстеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын тетіктерді әзірлеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

БӨЛІСУ