«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде белгіленген «943-Елдің нысаналы (мақсатты) мектептерін дамыту» жобасына Сырдария ауданы бойынша 4 – мектеп еніп отыр.
Нысаналы мектептер PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.
«Нысаналы мектептер» жобасының мақсаты – жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесе отырып жүйелі жұмыстар жүргізу.
Осы мақсатта Қоғалыкөл ауылындағы № 44 орта мектеп базасында аудандағы нысаналы мектептердің әдіскер-менторлары, мектеп басшылары мен орынбасарларының қатысуымен оқу-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысынң барысында мектептің жеке портреті мен 2024-2025 оқу жылына жасалған жұмыс жоспарлары талқыланып, биылғы оқу жылында атқарылатын іс-шаралармен таныстарылып, түсіндірме жұмыстары жасалды.
12 тамыздан бастап аталмыш мектеп ұстаздары LMS платформасында базалық деңгейдегі онлайн курстарға қатысып, біліктілігін арттыруда.Бұл курс аясында алған білім, біліктер педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктерін шыңдап, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін және қазіргі білім беру үдерісінің өзгермелі жағдайларына бейімделуін қалыптастыратын қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.