Полицейлер тергеуден бой тасалап жүрген күдіктіні Алматы қаласынан ұстады.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілініп, 2020 жылдан бері іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсірді.
Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні Алматы қаласында жалдамалы пәтерде ұстады.
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.