Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы екені анықталды. Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында болды. 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Тұрғынның сөзінше, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кеткен. Ал мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан. Екі қыз да бұл тұрғын үйде тұрмайды екен.
Үй тұрғындарының сөзінше, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен таблеткалар тапқан. Ал полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Қыздардың бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.
Іле-шала Алматыда оқушылар жаппай өз-өзіне қол жұмсап жатыр деген ақпаратқа полиция жауап берді.
Полиция мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Еекі қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Құзырлы органның хабарлауынша, мегаполисте осындай бір ғана оқиға өткен аптада болған. Ол кезде 13 жасар қыз терезеден құлап кеткен.
Бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда 9 қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқан еді.