Қызылордада  балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 31 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Біілім беру ұйымдарының студенттерімен, оқушыларымен кездесу барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы мен барлық аудандық полиция бөлімдерінің басшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен қылмыстық жауаптылық,  балалардың қауіпсіздіктері үшін   жастар арасында көп кездесетін бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, есірткінің зияндылығы мен жол қауіпсіздігі туралы  272 мектеп пен 17 колледжде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде барлығы 170  құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127 – бабы бойынша, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 31 ата-анаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және  тұрғын жайдан тыс жерде болған 120 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хаттама ресімделді.  

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында  мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табуда.

БӨЛІСУ