Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 16 бала уланып, аудандық ауруханаға жүгінген,- деп хабарлайды qamshy.kz сайты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар жеңіл уланғанын, ауыз қуысын шайып, дәрі тамызылғаннан кейін бірден ауруханадан шығарылып, бүгін сабақтарына барғанын хабарлады.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мамандары зерттеу үшін мектеп тамағы мен суының сынамасын алып, сараптамаға жолдағанын жеткізді.

Бұл – облыстағы оқу жылы басталғаны тіркелген екінші улану дерегі. 6 қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы №8 мектептің 460 баласы уланған. Аталған дерек бойынша полиция “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” айыбы бойынша қылмыстық іс қозғады.

БӨЛІСУ