Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шет елдік ғалымдармен кездесу өтті.

Шараға Ұлыбританияның Оксфорд университетінен археология және өнер тарихы зертханасының ғылыми қызметкері, доктор Эшли Харуда, Америка Құрама Штаттарының Мичиган университетінің антропология кафедрасының докторанты Кара Мари Ларсон, Филология ғылымдарының докторы, Ресей Халықтар достығы университетінің профессоры Бахтикиреева Ұлданай Мақсұтқызы, Филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Халықтар достығы университетінің доценті Светлана Валерьевна Красильникова, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қызметкері Ханзина Анар Маратқызы, Фулбрайт стипендиаты Эмиль Баутиста-Беккен қатысты.

Кездесу ынтымақтастықты нығайту барысында ұйымдастырылды. Іс-шарада қонақтарға сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар таныстырылды.

Университеттің басты мақсаттарының бірі – сапалы кадрлар дайындау. Осы бағытта шетелдік оқу орындарымен біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, «British Council бағдарламасы бойынша Саффолк университетімен және Change Schoole-мен бірлескен жоба.

Айта кетейік, RUDN-мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистратура бағдарламасы аясында, Томск политехникалық университетімен «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Экология» мамандықтары бойынша,Мәскеу авиациялық институтымен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», Дубна университетімен бірге физика мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламалары жүзеге асырылуда.

БӨЛІСУ