Сиань қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сыр өңіріне іссапармен келді.

Сапардың мақсаты елдің әлеуметтік-экономикалық даму жобаларын іске асыруға су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және «жасыл» энергетика саласындағы қытайлық инвестициялық компаниялардың қатысу мүмкіндігін талқылау.

Осыған орай, кеше облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен кездесу өтті.

Кездесуге Қызылоррда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Сейтжанов және күншығыс елінің делегациясы қатысты. Қытай делегациясының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды.

Делегация инвестициялық және технологиялық мүмкіндіктерді, сондай-ақ ҚР аумағында қалалық су құбырларын салу, ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді және экологиялық зардап шеккен аудандарда көгалдандыру жолымен жерлерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта тараптар арасында келіссөздер жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ