Аудан әкімі Мажит Самитов Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі , Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», ардагер журналист Ерубай Қалдыбекті мерейтойымен құттықтады.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ғ.Сопбеков, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қызметтес болған әріптестері қатысты.
Аудан басшысы мерейтой иесінің журналистика саласының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді.
«Барша тілеулес азаматтардың, жерлестеріңіздің атынан сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Осы белеске үлкен бедел биігінде жетіп отырсыз. Себебі, саналы ғұмырыңызда адал еңбек етіп, ауданымыздың төл басылымы «Жаңақорған тынысы» газеті редакцисяында фото тілші болудан бастап, Сыр елі журналистика саласына үлес қосып, өзіндік қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Бүгінде аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзекті мәселелерді уақытында көтеріп жүргеніңізді ел жақсы біледі. Сондықтан саналы ғұмырын ауданымыздың мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген өздеріңіздей азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсету аға алдындағы парызымыз деп санаймыз.», – деді аудан әкімі.
Іс-шарада мерейтой иесіне Жаңақорған ауданының Құрмет грамотасы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Жиын соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын Әбілқайыр Сыздықов арнауын оқыды.