№37 мектеп-лицейінде 2024жылдың 11 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Оразбаев, педагог-психолог А.Байсалбаева, учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Дайрабаев және сынып жетекшілердің қатысуымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар буллинг, лудомания құмар ойындардың алдын алу бойынша “ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында учаскелік полиция инспекторы Е.Дайрабаев құқықбұзушылықтың, буллингтің құрбаны болған жағдайдағы мінез -құлық алгоритімі туралы,жолда жүру ережелері, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде жүруге, мопед, скутер,электровелосипед басқаруға болмайтындығы туралы ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру әрбір жеке тұлғаның басты міндеті!
Қауіпсіз өмір-жарқын болашақ кепілі!

БӨЛІСУ