Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Бөтен мүлкін ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы” аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаев хабарлама жасады. Полиция подполковнигі жыл көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесін жеткізді.
Ал «Бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған шаралар туралы» екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев баяндады.
Үшінші мәселе “Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы” аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлы ақпарат беріп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғалары мен онда зардап шеккендердің санын төмендету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Отырыс қорытындысында аудан басшысы хаттамалық тапсырмалар жүктеді.