Бүгін аудандық мәдениет орталығында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аталып өтті.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев мерекеге жиналған жұртшылықты құттықтап, сала бойынша ауданда атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

«Сіздерді 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтаймын! Өткеннің еншісіндегі тарихи шешімдер мерекенің мән-маңызын айшықтай түсері анық. Тіл саясаты елімізде белгілі бір науқанмен шектеліп қалмайды. Бұған қатысты жұмыстар жылдың төрт мезгілінде қолға алынып, аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын пайдалану мен оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылуда. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан барлығымыз да тіл үшін күресуге міндеттіміз. Ана тіліміздің ертеңі үшін қызмет етіп жүрген барша жерлестерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтаймын. Әрқашан ұлттың айбыны мен асқақ абыройы саналған Ана тіліміздің болашағы баянды болып, әлем қызығатын айтулы Ұлт құралына айнала берсін!» – деді, Нұрмұхамед Омарұлы.

Шара барысында тіл жанашырлары мен сала мамандары облыс әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

БӨЛІСУ