Облыс прокуратурасының алқа мәжілісінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды.
Облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалық етуімен Қызылорда облысы аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде және пробация қызметінде есепте тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды.
Жиынға облыс прокуратурасының қызметкерлері, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Алқа мәжілісінің басты бағыты – мемлекет және жеке тұлғалар алдында берешек қарызы қалыптасқан сотталғандарды жұмыспен қамтып, саналы қоғамға қайта оралуға ықпал жасау.
Алқа мәжілісінде көтерілген тақырыптың тағы бір маңыздылығы шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірістік ауқымын кеңейтіп, екі тарапқада пайдалы жақтарды ұсыну.
Қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде жұмысқа жарамды 1022 сотталғанның 571-і жұмыспен қамтылса, пробация есебінде тұратын жұмыспен қамтылған саны 363-ті құрайды.
Пробация есебінде тұратын сотталғандармен ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 20 қайта қылмыс жасау дерегі орын алған.
Прокуратурамен жүргізілген талдаумен қылмысқа барудың басты себептерінің бірі – жұмыссыздық.
Осыған орай өңірдегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу және төмендету, олардың орын алуының себептері мен негіздерін анықтап, құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыру үшін сотталғандарды жұмыспен қамту қоғамымыздың өзекті мәселесі болып отыр.
Аталған санатта республика бойынша белгіленген меже 52% құраса, Қызылорда облысы 56%-ға қол жеткізді.
Облыс прокуроры бұл бағыттағы жұмыстарды әлде де күшейту қажет ететіндігін айтып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен жасалған бұйымдардың нарықта өткізілуі және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жергілікті атқарушы органдарға жүктеді.
Сонымен қатар облыс прокуроры жауапты сала басшыларына пробация есебінде тұратын сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен күнделікті ортаға бейімдеу үшін квота бойынша тізім қайта сараланып, мамандығына сәйкес еңбекпен қамту шараларын жүргізуді тапсырды.
Бұл өз кезегінде есептегі тұлғалармен қайта қылмыс жасаудың алдын алып, аймақтағы қылмыстық ахуалдың төмендеуіне өз септігін тигізетін болады.