“Бір ауыл- Бір өнім” жобасының жеңімпазы Зылиха Амануллақызы Шиден тоқыма өнімдерін жасаудың шебері.
Календер Зылиха Амануллақызы Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының тұрғыны. Көнеден келе жатқан ұлттық өнерді заманауи үлгіде тоқып, әлі күнге дейін жаңғыртып отырған Зылиха апа біраз жетістікке де қол жеткізіп келеді. Оның шығармашылығы елімізде жоғары бағалануда. Айталық, Астана қаласының
10 жылдығы мен Алматыда өткен халықаралық саяхат көрмесінің,
«Гагарин көктемі» сынды шаралардың төрінен Зылиха апаның туындылары орын алды. Сондай-ақ, ол еліміздің бас қаласында 2017 жылы өткен ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Қызылорда облысының мәдениет күндері кезінде ұлттық өнерді насихаттауға атсалысты.
2005 жылы Алматыда болған «Ұлттық өнер – ұлттық байлық» көрмесінде, 2008 жылы Астанада ашылған қолөнер шеберлерінің байқауында ұйымдастырылған көрмеде өзін жақсы жағынан көрсетті.
Сонымен қатар, 2023 жылы Түркістан облысында өткен «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» атты Халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Тұран» номинациясымен марапатталды.
2023 жылдың шілде айында Қырғыз Республикасының дизайнерлер одағы “Өнер керуені” халықаралық қырғыз-қазақ симпозиумына қатысты. Орталық Азия халықтарының көркем мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталған.
Ши тоқумен бала күнінен айналысады, кәсіби түрде айналысып жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болған. Көпшілігі шиді қамыспен шатастырып жатады. Піскен шиді, алдымен, жинап, кептіреміз, кейін тазартамыз. Мәселен, шым шиді тоқу үшін ұнаған бейненің немесе өрнектің сызбасын жасап, содан соң оған сәйкес жүнді бояймыз. Үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсейді. Оны құрт жайып, тары сүзу үшін де қолданғаны белгілі. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Үйдің жылы болуына оның әсері тиген. Жаймашуақ күндерде туырлықты жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға да жақсы.
Зылиха Амануллақызы Қазақстан шеберлер одағының мүшесі. Оның шығармашылығы елімізде жоғары бағалануда.