Елімізде Отбасы күні 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып келеді. Отбасы күні – бұл еліміздегі басты мерекелерінің бірі. Мемлекетіміздің мықты болуы – отбасылардағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты, себебі отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенетіндіктен «Отбасы күні» мерекесіне орай Қызылорда қаласының отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ дәстүріндегі отбасылық құндылықтар» атты тәрбиелік іс-шара болып өтті.
Алғашықы құттықтау сөзі Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева және «Отбасын қолдау» орталығының директоры Гүлнара Сексенбаеваға берілді. Іс-шарада қонақта облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мусабаева, Қызылорда облысы дін істер мәселесін зерттеу орталығының аға маманы Бақтияр Оспанов және тұрмысы төмен көп балалы аналар қатысты.
Айгүл Нажмадинқызы өз кезегінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында: нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық-зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. «Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды», – деген жолдауын айқындап, ашып айтты.
Бақтияр Оспанов: Отбасы – өнегенің өзі, тәрбиенің көзі. Оттың басында бойыңа сіңген тәлім-тәрбие бүкіл бітім-болмысыңды айқындайтындығы туралы тақырыптарды қозғап, кең мағынада ой бөлісті, келген көпбалалы аналарымызбен пікір алмасып, шара соңында «Отбасын қолдау» орталық жанынан құрылған көп балалы аналарға және мүгедектегі бар бала асыраушы аналарды қолдауға бағытталған «Киім пішу және тігу», «Шаштараз», «Тырнақ әрлеу» (маникюр), «Массаж» курстары өткізілетін цехты аралап, демеушілердің қолдауымен аналарымызға сый сияпат табысталды. Сондай-ақ, отбасылық дәстүрлерді сақтап, нығайту мемлекеттің берік негізі болып табылатынын баса айтылды.