6 қалалық емхана мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы және Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен «Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация» тақырыбы бойынша облыстық семинар болып өтті. Семинарға медицина ұйымдарының қызметкерлерi мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық онкология орталығының онко-гинекологы Индира Бақтыбаева адам папилома вирусының аймақтағы эпидемиологиясы туралы айтты.
Сондай-ақ, семинар барысында адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілу себебі, маңыздылығы мен қауіпсіздігі және аурудың алдын алудағы тиімділігі, әлемдік тәжірибе тақырыбында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова ақпарат беріп өтті. «Бүгінгі күні 125 ел қыздарға арналған ұлттық вакцинациябағдарламаларына АПВ вакцинасын енгізді, ал 47 ел ұлдарға да қатыстывакцинациялауды жүргізуде. Көптеген елдер вакцина салдыруды 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеді. Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШEОA) аймағына келетін болсақ, АПВ вакцинациясын жасөспірімдерге/ересектерге арналған иммундау күнтізбелеріне Армения, Грузия, Солтүстік Македония, Молдова, Түрікменстан және Өзбекстан енгізген», – деді эпидемиолог.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Идрисова Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген жаңа вакцинаны сәтті жүзеге асыру үшін тиісті түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл ретте медицина мамандарымен бірге педагогтардың да осы вирустың қауіптілігі, екпенің тиімділігі турасындағы білімдерін арттыру аса өзекті екенін айтты.
2024 жылдың қазан айына жоспарланған 11 жастағы қыздарды АПВ қарсы вакцинациялау науқанына дайындық шаралары жүйелі жүргізілуде. Республикалық деңгейде бастау алған оқыту семинарлары аумақтық деңгейде жалғасуда.

БӨЛІСУ