Қызылорда қаласының Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Талқылауда құжаттағы 9 бағытқа бөлек тоқталып, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі айырықша сөз болды. АЭС-тің салынуы Қазақстан макроэкономикасына пайдасы тиетіні жөнінде пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде аймақтағы діни ахуал және діни ұйымдарының қоғаммен байланысы мәселесі қаралды. Іс-шарада Қызылорда облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Романқұлова Гүлсім Айтмаханқызы және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Демесбай Талғат Маратұлы тақырып шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде кеңеске ақпарат берді.
Кеңес мүшелері өз тараптарынан мәселенің оңтайлы шешілуіне ұсынымдарын айтып, пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар ресми түрде тиісті ұйымдарға жолданатын болады.

БӨЛІСУ