Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысты.

Аудан әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі екенін атады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру мақсатында Ел Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдаманың іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында міндеттер мен индикаторлар белгіленген. Айта кету керек, жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен біршама шаралар атқарылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Күн тәртібіндегі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сыбайластық көріністерін болдырмау, жариялықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы Мейірхан Бақытжанұлы, 2024 жылға бөлінген бюджеттің игерілуін іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев хабарлама жасады. Бөлім басшылары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін азайту, бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Комиссия отырысының қорытындысында аудан басшысы хаттамалық тапсырмаларды жүктеп, олардың сапалы және мерзімінде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

БӨЛІСУ