Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев пен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков және Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық бірқатар кәсіп нысандарына аралау жұмыстарын жүргізді. Соның бірі “Абай” шаруа қожалығы.
«Абай» шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысын 2004 жылдан бері абыроймен атқарып келеді.
Қаламыздың әлеуметтік-экономикасының қарқынды дамуына және тұрғындарының әл-ауқатының жоғары болуына өз үлесін қосып, ірі көлемді проектілерді атқарып келеді әрі қарайда қаншама жұмыс жасалынуда.
Сондай-ақ Белкөл кентіне қарасты игерілмей жатқан жерлерін көгалдандырып, жасыл аймаққа айналдыру жұмыстарын қатар алып келеді.
Қазіргі таңда қожалықтың қарамағында 3 (үш) фазенда, оның 2 (екеуі) қаланың сыртында (Оспан көпір, Жезқазған трассасында және Сырдария ауданы, Тоқмағанбетовте), 3 (үшіншісі) қаланың ішінде, яғни Белкөл кентінде орналасқан.
Сондай-ақ, шаруа қожалығында 40-тан астам қала тұрғындарын жұмыспен қамтуда және шаруашылықтың қарамағында барлығын қоса алсақ 200 га астам жерді игеріп, 300 бас сиыр (оның ішінде 50 бас сауынды сиыр), 200 бас жылқы, 50 бас түйе басын қолға алып, дамытып келеді және қала сыртында осы төрт-түлік мал көзіне арналған 300 га қыстауға, 2000 га жайылымдылыққа арналған жерлерді игеріліп, қосымша жағдай жасалып отыр.
Отандық өнімі оның ішінде халық жиі тұтынатын тауарларды шығару ел экономикасын алға жылжытуда маңызды қадам саналады. Облыс орталығында да өз өнімін нарыққа ұсынушылар саны артып келеді. Қаладағы тағы бір өнеркәсіп иесі – Исатай Нұржанов. Жеке қаражат есебінен қаладан темір тор шығаратын цех ашқан. 2020 жылы ашылған кәсіп бүгінде күніне 630 000 шаршы метр өнім шығаруда.
Кәсіп иесінің айтуынша, өнімнің басым бөлігі қаладағы базарға және ірі құрылыс дүкеніне жіберіледі. Бұған қоса, аудандардан тапсырыс алады.
2023 жылдың басында кәсібін кеңейту мақсатында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 50,0 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, құрал жабдықтар алды.
Қазіргі таңда алған жеңілдетілген несиені өз мақсатына жұмсап, Қытай елінен автоматтандырыған құрылыс сеткасын шығаратын қондырғылар құрылымын және облыста жоқ сэндвич-панель шығаратын қондырғылар құрылымын әкеліп, бүгіндері монтаждау жұмыстары жүргізіп, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.