Қалалық мәслихат жанындағы әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және коммуналдық-шаруашылық және қала инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы бірлесе өткізілді.

Комиссия отырысында «Жалпы орта білім беретін мектептердің 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығы»;
«Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, олар үшін кедергісіз орта құру мәселелері туралы»;
«Сәулет және қалақұрылысы саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелері» қаралды.

Аталған мәселелерге байланысты, қалалық білім бөлімі басшысының м.а. Қ.Әбдіқадыров, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Құрақбаева, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Алдымен депутаттар, Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған «Ten Qogam» орталығына, қаламыздың сол жағалауында салынып жатқан «Оқушылар сарайы» және 84 пәтерлі /жеті қабатты/ ипотекалық 6 тұрғын үй құрылысымен танысты.
Қызылорда қаласында «Ten Qogam» орталығы 2021 жылдан бастап жұмыс жасауда. Орталық мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмектер ұсынып, бекітілген жоспар бойынша мәдени шаралар мен семинар-тренингтерді тұрақты түрде өткізуде. Бұл әлеуметтік қолдау шараларына бюджеттен қаржылар бөлінуде.
Аталмыш орталықта мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық орындарға уақытылы жеткізіп тасымалдау мақсатында «Инватакси» қызметі жұмыс жасауда. Қаладағы 700-ге жуық мүгедектігі бар адамдар 16 инватаксидің қызметін пайдалануда.

Биыл қалада жеті қабатты 84 пәтерлі ипотекалық 6 тұрғын үй құрылысы салынуда. Мердігер мекемелер бұл үйлерді биылғы жылы күзде салып бітірмек. Аталған үйлер қаламызға жаңаша келбет беруде. Пәтерлердің сызбасы да жаңаша бағытта жасалған.

Сонымен бірге, қаланың Сол жағалауында салынып жатқан «Оқушылар сарайы» алдағы уақытта 5 бағытта 350 оқушыға қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, 1.Қолданбалы қолөнер 2. Өнер-шығармашылық аймағы 3. IMAQ technologies 4. Мектепалды білім 5. Edtech бағыттары. Бұл бағыттар бойынша мектепте 49 үйірме ашылмақ.

Комиссия отырысы барысында депутаттар тарапынан: қаладағы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының жаңа оқу жылына дейінгі мерзімде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
– мек¬теп¬тердегі санитарлық нормалардың сақталуын, ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
– тиісті мекемелермен бірлесе отырып, мектеп аумақтарында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
– жаңа оқу жылында мектептердегі тәрбие беру жұмыстарына баса назар аудару, ата-аналармен байланысты нығайту;
– қаладағы көшелерден және теміржол өткелі арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірлердегі жеделсатылардың (лифт) қалыпты жұмыс жасауларын қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу;
– мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардағы мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустардың стандартқа сай және сапалы жасалуын қамтамасыз ету;
– жаяу жүргінші жолдарда (тротуар) автобус аялдамаларында пандустардың болуын қамтамасыз ету;
– «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің автобус жүргізушілері арасында мүгедектігі бар адамдарды міндетті түрде мінгізіп, түсіруді қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
– мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамау бойынша мекемелермен жұмыстарды ширату;
– жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті органдармен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдарға тактилді жол белгілері мен автокөлік тұрақтарының белгілерінің болуын қамтамасыз ету қабылдау;
– Сәулет және қалақұрылысы саласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы ұйымдастыру;
– Қала аумағында жеке және заңды тұлғалар тарапынан өз бетінше тиісті рұқсат беретін құжаттарынсыз салынған құрылыстарды анықтау шараларын жүргізу, тиісті заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
– Қаламыздың сәулеттік келбетін дамыту бағытында жаңашылдықтар енгізуді үнемі назарда ұстау;
– Тиісті мекемелермен бірлесе отырып, қала бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына мониторинг жүргізе отырып, тиісті заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды.

Сонымен бірге, комиссия отырысы барысында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбалар 7 жылда бір рет берілетін болатындықтан, тозып қалатындығы, қала аумағындағы базарлардан мүгедектігі бар жандар өндіретін өнімдерді сататын арнайы сөрелер ашу, бас жоспарға қала аумағындағы саяжайларды толығымен енгізу, жылжымайтын мүліктердің нысаналы мақсатын өзгертуде кедергілерді болдырмау, мектептердегі құқыбұзушылық фактілерді жасырмау,мектептерде санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету туралы мәселелерге баса назар аударды.

Комиссия отырысына депутаттар, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова, облыстық бақылау жөніндегі басқарманың өкілі (ГАСК), қалалық ювеналдық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Л.Ахметова, кент және ауылдық округ әкімдері, жауапты дербес бөлімдер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Комиссиялар жұмысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

БӨЛІСУ