Жаңа оқу жылындағы алғашқы оқу аптасы да аяқталуға жақын. Дегенмен, кезек күттірмей шұғыл орындауды қажет ететін жұмыстар жеткілікті. Соның ішінде балалардың қауіпсіздігіне қатысты атқарылатын маңызды мәселелер күн тәртібіндегі басты мәселе. Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы аудандық, қалалық білім бөлімдері, орта білім ұйымдары басшыларымен өткен мәжілісте осы тұрғыда бірқатар кемшіліктерді атап айтып, нақты тапсырмалар берді.

Білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде екенін ескерсек, ең бірінші қауіпсіздік мектеп күзетінің қызметінен басталатыны белгілі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысында көрсетілген, Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар сақталмай отыр. Атап айтар болсақ, мектеп аумағына бөтен азаматтардың кіруі, мектеп ішін еркін аралауы ең бірінші баланың өзін қауіпсіз ортада сезінуіне, екіншіден сабақ барысына айтарлықтай кедергі келтіріп, баланың да педагогтың да ойын алаңдататыны анық.

Балалардың қауіпсіздігі үшін сырттан бөгде бірде – бір адам білім беру ұйымының, балабақша, мектеп ғимаратттарының ішіне, ауласына кірмейтін болсын! Кезекшілік ұйымдастырыңыздар! Күзетшілерден талап етіңіздер! Ал, күнделікті бастауыш сыныптарға балаларын алып келіп жүрген ата-аналарға ғана аулаға кіруге рұқсат. Одан бөлек, бейнебақылаудың, турникеттің толық, сапалы жұмыс жасауын, дабыл түймесір орнатуды, лицензияланған күзет қызметін толық қамтамасыз ету, қауіпсіздікке байланысты тиісті құжаттардың толық болуын қамтамасыз етіңіздер. Бұл жұмыстар бойынша 20 қыркүйекке дейін дейін мерзім беріледі, – деп қатаң тапсырды Асқарбек Темірбекұлы.

Білім беру ұйымдары жанындағы жол инфрақұрылымын дамыту бағытында, яғни, жол белгілерінің орнатылмауы, жолақтардың сызылмауы бойынша төменгі көрсеткіш көрсеткен аудандар бойынша білім бөлімі басшыларына аудандық, қалалық әкімдіктермен бірлесе жұмыс атқару тапсырылды. Мұнан бөлек, жаңа оқу жылының басында топтық төбелестердің орын алу ықтималдылығы жоғары болады. Сондықтан, күнделікті рейд жұмыстарын, білім беру ұйымдары айналасының тазалығын ұдайы жүргізу керек.

Мәжілістегі көтерілген екінші мәселе Білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың қатысуымен үстіміздегі жылдың 11 шілдесінде өткізілген мәжілістің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, мақсатты мектептерді дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы қолға алынды. Жалпы жоба аясында қазіргі уақытта 2 489 мұғалімнің біліктілік арттыру курстары басталды. 13 негізгі пән бойынша біліктілік арттыру курстары 3 кезеңде (базалық, негізгі, ілгері) өткізілуде.

Базалық кезең бойынша курстан өту қорытындыларына апта сайын талдама жасалуда. Курс қорытындысымен төмен нәтиже көрсеткен аудандардағы нысаналы мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын білім бөлімдерінде қайта қарап, қажетті түзетулер енгізілу, әдіскерлердің сапалық құрамы қайта қарау, мұғалімдердің курстан өту сапасына, уақытылы қатысуына күнделікті қадағалау жасау, негізгі, ілгері кезең бойынша біліктілік арттыру курстарына қаржы қарау, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу және курстардың министрлік бекіткен кезеңде өткізілуін ұйымдастыруды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда қаласындағы Кәсіби даму институтымен бірлесіп жүргізу тапсырылды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 42-тармағын орындау шеңберінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Цифрлық ұстаз» жобасы талқыланды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан және үлгерімі төмен балаларға негізгі пәндер бойынша білімін толықтыруға мүмкіндік беру мақстаындағы жобаға өңірдегі 7 – 10 сынып аралығында 2 363 баланың тізімі жасақталды. Бірінші тоқсанның қорытындысымен жоғары аталған 2 363 баланың білім сапасы динамикасы жан-жақты талданатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында семинар өткізіледі. Семинар барысында қамтылуы тиісті сұрақтар және өткізілу форматы бойынша облыстық оқу орталығымен бірлескен жұмыс көрсетілуі тиіс.

Келесі мәселе – халықаралық зерттеулерге дайындық базасы яғни, ПИЗА – 2025 зерттеуі бойынша басқарма басшысы жаратылыстану сауаттылығына басымдық беру керектігін, қала, аудандық білім бөлімдеріне апта сайын жинақталған тестілеу базасындағы сұрақтарды алып, оқушылардың білім сапасының өсу, кему динамикасын әзірлеу, білім беру процесін тиімді іске асыру мектеп әкімшілігінен жоспарлау мен басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді. Білім беру ұйымының заманауи басшысында басқару құзыреттілігі болуы тиіс, өзінде стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, бүкіл мектеп командасының тиімді жұмыс нәтижесін көрсете алуы керек. Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңызды.

Бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін жыл сайын әрбір мектеп «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жоспарын әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар, мектептердегі педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, ғылыми әдістемелік кеңес, сынып жетекшілер отырысы, өзін-өзі басқару ұйымының отырысы, оқушылардың ғылыми қоғамдастығының жұмыстарын жандандыру кезек күттірмейтін жұмыстар.

Мәжіліс соңында басшы қала мен кенттердегі қоғамдық көліктер мәселесін жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешуді, әрбір директор, сынып жетекші баланың үйіне уақытылы жетуін қадағалауды тапсырды.

БӨЛІСУ