Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Асыл мұра – Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам институты – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты облыстық азаматтық форум өтті.

Форум бұл жолы Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінің “Қамбаш” лагерінде өткізіліп, оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінен 50 адам қатысып, азаматтық қоғамды дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Азаматтық форум еліміздің басты демократиялық дәстүрлерінің бірі әрі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ашық пікір алысатын үнқатысу алаңы болып саналады. Ашық пікірлесу алаңына айналған форумда басқарма басшысы Руслан Мұхамедәліұлы аймағымыздағы азаматтық қоғам институтының даму барысы туралы және алдағы уақытта қоғамды дамыту бағытында бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан барлық әлеуметтік жобалардың тақырыбы мен бағыты сараланып, маңыздылығына мән бере отырып, уақыт талабына сай жаңашыл әлеуметтік жобаларды енгізу бағытында жұмыстар жүргізудің қажеттлігін жеткізді. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету алдағы уақытта да өз жалғасын табатына тоқталып, бұл форум мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмыс істеуіне жаңаша серпін беретінін атап өтті.

Азаматтық қоғамның дамуы үшін қоғамдық ұйымдардың қосатын рөлі маңызды. Қоғамдағы салмақты мәселелерді шешілуіне үлестерін қосып жүрген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және билік институттары бас қосқан форумның негізгі мақсаты да қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі қолданбалы идеялар мен бастамаларды көтеріп, азаматтық белсенділермен бірлескен жұмыс жоспарын талқылау болды.

Форумға қатысушылар арасында құнды ұсыныстар беріп, өзара түсіністік пен қолдау, ашықтық пен азаматтық бағытында бірқатар ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, «Қазалы жомарт» қоғамдық қорының төрағасы Табынбаев Есет Жұмабекұлы «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау тиімділігі» туралы және “Иман-2013” қоғамдық қорының атқарушы директоры Мұратбекова Айгүл Хасенқызы «Аудандық ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау» тақырыптарында ой қозғап, қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауаптарын берді.

БӨЛІСУ