Қызылорда облысында ауыл тұрғындары«Таза Қазақстан» экологиялық акциясында ерекше белсенділік танытуда.
Бүгін Арал ауданының тұрғындары Қамбашкөлінің жағалауы мен теңіз табанына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іске мемлекеттік қызметшілер, еріктілер қатарындағы жастар,жергілікті тұрғындар өз үлестерін қосты.
Олар көлдің жағалауы мен түбін тұрмыстыққоқыстардан, құрғақ бұтақтардан жәнеарамшөптерден тазартып, нәтижесінде бестоннадан астам қоқыс шығарды.
Санитарлық тазарту іс–шараларынабелсенді қатысқан ауыл тұрғыны Жомарт Бекетовқоғамда экологиялық мәдениет пен табиғатқаұқыпты қарауды қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.
– Әркімнің міндеті-өз қаласын немесеауылын таза және тәртіпті ұстау. «Таза Қазақстан»акциясы осы дәстүрдің қалыптасуына негіз болды.Біздің аудан да осы маңызды істен тыс қалған жоқ.Ауыл тұрғындары өз аулаларын ретке келтіріп қанақоймай, қоғамдық орындарды тазалауға өзүлестерін қосуда. Бүгін біз көл жағалауынтазалауға қатысамыз, әркім өзінен кейін мал менмүлікті емес, ағашты қалдыруы керек деген халықданалығын жүзеге асырамыз, – деді Ж. Бекетов.
Жалпы республикалық акцияға қатысаотырып, аудан тұрғындары туған өлкеніңэкологиясын сақтауға көмектеседі. Акция аясындааумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыружұмыстарына 26 бірлік техника тартылды, 1630тоннадан астам қоқыс шығарылды, 4000-ға жуықағаш көшеттері отырғызылды.
Жастар ресурстық орталығының директорыБерік Сұлтаниязов атап өткендей, экологиялықакция тұрғындарды туған өлкесін таза жәнеабаттандыруға бағытталған бірыңғай міндеттөңірегінде біріктіретін маңызды іс-шара болыптабылады.
– «Таза Қазақстан» акциясына қатысаотырып, біз салауатты қоршаған ортаны сақтауға өзүлесімізді қосамыз. Бүгінгі таңда маңызды акцияаясында қоғамдық орындар, саябақтар, аллеялармен скверлер, су қоймалары мен өзендер,мекемелер мен ұйымдардың аумақтарытазартылып, абаттандырылды.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ТазаҚазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп,бұл уақытша жоба емес, ол жыл бойы жалғасуытиіс екенін атап өтті. Қоршаған ортаныңтазалығына қамқорлық жасау әобір азамат үшінкүнделікті міндетке айналуы керек. Осындайакцияларға қатыса отырып, біз қоғам үшін пайдалыіспен айналысамыз және өз еліміздің өркендеуінеүлес қосамыз деп санаймын, – деді Б.Сұлтаниязов.
Сонымен қатар, Қармақшы ауданында«Руханият пен тазалық» мерекесі өтті. «ТазаҚазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қорқытата» мемориалдық кешеніне санитарлық тазалаужұмыстары жүргізілді. Бұл кешен бүкіл түркі әлеміүшін ерекше маңызға ие. Оны таза ұстау, сақтаужәне баға жетпес мұраны болашақ ұрпаққа беру –біздің міндетіміз. Аудандық мәслихаттың,ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық кеңестің жәнеаналар кеңесінің төрағалары бүгінгі іс-шараныңэкологияны сақтау үшін ерекше маңызын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақырды.
Шарада республикалық акцияға үлес қосқан бірқатар ауыл тұрғындары марапатталды. Одан әрі«Қорқыт ата» кешенінде V Дүниежүзіліккөшпенділер ойындарын қолдау мақсатында мәдени және спорттық іс-шараларұйымдастырылды.