Бүгін аудан әкімі А. Оңғарбаев Арал қаласының солтүстік шығыс беткейінен салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына қанықты. Шағын ауданындағы қаз-қатар тізілген үйлердің құрылысы бүгінде қарқынды жалғасып жатыр.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша биыл 124 пәтер сатып алу жоспарланғанын бұган дейін де айтқан болатынбыз.

Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ үйлердің іргетасы қаланып, төбе жабындыларын жабу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кететін жайт, биылғы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс сапасына баса мән берілуде. Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралау барсында «Бірінші кезекте үйлердің сапасына мән берілуі керек. Ертең үй иелері салған адамға да, салдырған адам ға да батасын беріп отырады. Сондықтан бұл жұмыстарды сүйкейсалды қылмау керек» деді.

Бұл баспаналардың алғашқы легі аяқталуға жақын. Сәтін салса қыркүйек айының соңына таман алғашқы үйлердің кілті өз иелеріне табысталады деп күтілуде.

Екі пәтерлі 75 тұрғын үй жыл соңына дейін аяқталса 150 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ