Іздестірудің заңдылығы мен негізділігі басты назарда.

​Облыс прокуратурасының алқа мәжілісінде жалпы іздестіру жағдайы, тиімділігі, ауыр және аса ауыр қылмыстарының ашылу деңгейі қаралды.
Мәжіліске құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары мен қала, аудан прокурорлары қатысты.

Жиында сөз алған облыс прокуроры Ризабек Ожаров жасырынғандарды іздеуде, ауыр және аса ауыр қылмыстарын әшкерелеуде заңмен көзделген барлық мүмкіндіктерді қолдануды тапсырды.
Сонымен қатар жасырынғандарды іздеуге жұмсалған қаржыны мемлекетке өндіруді, қолданыстағы бейнекамераларды жасанды интеллект функцияларымен интеграциялауды атап өтті.

Орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті шаралар қолданылуы құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына тапсырылды.
​Баяндамашылар жұмыс тәртібінде орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.
Бұл өз кезегінде аймақтағы қылмыстық ахуалдың төмендеуіне өз септігін тигізетін болады.

БӨЛІСУ