Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған орай бүгін аудандық мәдениет үйінде “БЕЙБІТ АТОМ – БЕРЕКЕ, БІРЛІК, БОЛАШАҚ!” тақырыбында танымдық конференция өтті.
Конференция модераторы болып ҚР Журналистер одағының мүшесі А.Ибрагимұлы бекітіліп, Қазақстанда АЭС салудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, шара тақырыбына қатысты ойымен бөлісті.
Сонымен қатар, жиын барысында спикеркер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Академигі Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы және аудандық “Аналар” кеңесінің төрайымы Балшекер Өтегенова, ұстаз, №139 мектептің физика пәнінің мұғалімі Бекенов Әкежан Рашитұлы Қазақстандағы атом энергетикасының мүмкіндіктері мен сын-қатерлері туралы маңызды мәселелерді айрықша атап өтіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде атом энергетикасының рөлі зор екенін жеткізе білді.
Конференция барысында қатысушылар Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз көзқарастарын айтып, ашық диалог алаңында еркін пікір алмасты.