Бүгін үкімет отырысынан кейін, облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысындағы маңызды міндеттердің Жалағаш ауданында сапалы ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов барлық басшыларға ел президентінің, үкімет басшысының қолдауымен басталған маңызды жобаларды облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нәтижелі аяқтау қажеттігін жеткізді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттерге сәйкес салықтық түсімдер көздерін, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту мәселелерін толық шешу тапсырылды.

Мәжілісте жүктелген тапсырмалардың орындалуы тікелей аудан әкімінің бақылауында болатынын ескертті.

БӨЛІСУ