Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Онда «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» Қызылорда облысында орындалуы қаралды. Сондай-ақ, аймақты дінтанушы-теолог мамандармен қамтудың, шетелдік күмәнді теологиялық білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағымдар профилактикасын ұйымдастырудың нәтижесі сараланды.
Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі сала басшыларына осы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.