Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында күзгі эпидемиологиялық маусымда кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімінің «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмысшы тобының құрамын және жоспарын бекіту туралы» 14.03.2024 жылы №65 қаулысына сәйкес жұмысшы топ құрамы құрылды. Аталған жұмысшы топ құрамы 03.09 – 06.09.2024 жылы Тереңөзек кенті, С.Сейфуллин елді мекенінде кенеге қарсы өңдеу жұмыстарыны қадағалау жүргізді.

Жыл сайын облыста кене шағумен орта есеппен 250 адам медициналық көмекке жүгінеді. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыста кене шағуымен 132 адам тіркелді (2021 жылдың 6 айында – 206).

Кенелер – бұл қан соратын, адамдар үшін қауіпті жәндіктер. Кенелер туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызба, кене энцефалиті және боррелиоз сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Көбіне кенелер адамдар мен жануарларға ерте көктем мен жазда шабуыл жасайды. Кене сілекейінде анальгетикалық зат бар, сондықтан оның шаққаны сезілмейді және ұзақ уақыт байқалмайды.

Кенелердің жиі жабысатын жерлері: ішкі жамбас, мойын, ішек және қолтық аймақтары; балаларда басынан аяғына дейін. Кенелер наурыз-қазан айларында өте белсенді келеді.

Кене денеге бірден жабыспайды, сондықтан оны уақытылы байқап, алып тастау инфекцияның алдын алады. Сол себепті денедегі кенелерді анықтау үшін өзін-өзі және екі адам бірін-бірі тексергені дұрыс. Егер денеге жабысқан кене табылса, ол дереу алынып тасталады.

Кенені денеден қауіпсіз алу үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек:

– жалаңаш қолдарыңызбен кенеге қол тигізбеңіз, өйткені инфекциялық агент шырышты қабықтар немесе терінің зақымданған жері арқылы енуі мүмкін;

– пинцет қолданыңыз, егер қолғап болмаса, саусақтарыңызды резеңке қолғаппен немесе матамен қорғаңыз;

– кенені кәдімгі пинцетпен мүмкіндігінше теріге жақын жерінен ұстау керек. Кенені езіп жібермес үшін пинцетті аздап қысып, кененің ауыз қуысы теріде қалмауы үшін баяу және ақырын тартыңыз. Егер кененің ауыз қуысы теріде қалып қойса, онда аузын пинцетпен ұстап, шығару керек;

– кенені алып тастағаннан кейін, тістеген жерді дезинфекциялық затпен (спирт, йод) мұқият өңдеңіз және қолыңызды сабынмен жуыңыз;

– кененің денесіне тиіспеңіз, өйткені оның ішектері мен сұйықтықтарында қоздырғыштар болуы мүмкін.

БӨЛІСУ