Ауданда егін жинау науқаны басталып, күрішке орақ түсті. Аудан басшысы Мажит Самитов Өзгент ауылдық округіндегі «Қыр-Өзгент» шаруа қожалығына барып, жиын – терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысты.

Аудан басшысы диқандарға қамба қызылға толып, ырыс-несібе молынан болуына тілектестік білдірді.

Бүгінде “Қыр-Өзгент” шаруақожалығында 15 адам жұмыс жасайды. Биылғы жылы 90 гектар күріш, 50 гектар бидай, 70 гектар жоңышқа еккен. Ауылшаруашылығы техникалары да жеткілікті. Астық жинайтын 2 комбайн, 2 оратын комбайн, 3 трактор «МТЗ-82», 2 дана соқа және 2 дана шөп жинақтайтын техникасы бар.

Диқандарымыз өлшеп берген суды тиімді пайдаланып, ала жаздай атыз жағалап тынымсыз еңбек етті. Соның арқасында күрішті жауын-шашынға қалдырмай, ысырапсыз жинап алып, әр гектарынан жоғары центнерден өнім алуда.

БӨЛІСУ