Аудан әкімі Мажит Самитов ауданымыздың тау беткейінде орналасқан Қыраш елді мекенінде болып, «Qaratay Fruits» шаруақожалығының жұмыс барысымен танысты.

Аталған шаруашылық тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы 30 гектар жерге Түркия мемлекетінен 82 мың түп, ал, биылғы жылы қосымша 50 гектарға 62 мың түп ағаш әкеліп отырғызылды.

Бұл қарқынды алма бақтан былтырғы жылдан бастап өнім шеті көріне бастаса биыл бастамалық кезеңде әр гектарынан орта есеппен 20 – 25 тонна өнім алынады деп күтілуле, ал келесі 2025 жылы нағыз өзіндік өнім беру кезеңінде 50 – 60 тоннаға дейін өнім алынатын болады. Бүгінде мұнда 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Шаруашылық басшысы 2025 жылы алма бақтың ауданын 130 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлауда.

Осы 80 гектар алма бақтан алынған өнімдерді сақтау мақсатында “Батыс Европа – Батыс Қытай” автодәлізінің бойынан қуаттылығы 1,5 мың тонналық көкөніс – жеміс сақтау қоймасын салу жобасын қарастырып, 10 га жер рәсімделуде. Бұл қос жоба аясында ауданда көкөніс – жеміс өнімдерін жыл бойына сату логистикасы қалыптасатын болады.

БӨЛІСУ