Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған тұрғындар тарапынан тұрғын үй және жұмыссыздық мәселелсі көтерілді. Аудан әкімінің қабылдауына келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайтыны айтылды.
Мұнан өзге аудан әкімінің қабылдауына Ауған соғысының бір топ ардагерлері келіп, өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Айтуларынша ағымдағы жылдың 18 қазаны күні Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған үстел тенисінен турнир өткізу қолға алынған. Осы турнир аясында жоспарланған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне әкімдік тарапынан қолдау көрсетілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұдан бөлек түрлі әлеуметтік көмек алуда Ауған соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер қарастырылса деген ойларын ортаға салды.
Аудан басшысы көтерілген ұсыныстардың орынды екенін айтып, турнир өткізуге және айтылған өзге де мәселелерге мүмкіндігінше қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.